ЕуроОдақтың Ресейге қарсы санкцияларына Венгрия вето қойды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Венгрия ЕуроОдақтың Ресейге қарсы санкция жариялау туралы шешіміне вето қойды. Сондай-ақ ЕО-ның Украинаға 90 млрд еуро кредит беру туралы шешіміне де тоқтау болды. Бұл туралы Венгрияның СІМ Петер Сийярто мәлімдеді.

«Бүгінгі кездесуде біз санкциялардың 20-пакетін қолдамаймыз және оған рұқсат бермейтінімізді білдірдік. Мен анық айттым, біз Украинаның 90 млрд еуро көлемінде әскери борыш алуына келіспейміз», – деді ол Брюсселде өткен ЕО елдерінің СІМ кездесуінде.

Министрдің сөзінше, Киев Будапешті «бопсалап, Брюсселмен келісіп, Венгрияның энергожелісінің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр». Ол ЕО-ның санкциялық саясатына да «ессіздік, сәтсіздік» деген баға берді.

«Украина Венгрияға мұнай тасымалын қайта қалпына келтірмесе, біз Брюссельде Украина үшін тиімді, маңызды болатын шешімдердің ешқайсысына қолдау білдірмейміз. Оған дейін әскери көмекке де, санкциялар пакетіне де қол жеткізе алмайды», – деді Петер Сийярто.

Бұл санкциялар пакетін Еуроодақ өткен жылы күзден бастап дайындаған еді. Құжатқа сәйкес қысым тек Ресейге ғана емес, Белоруське дебағытталуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз