Абай облысы прокуратурасында ішімдік сақтанғандар жазаланды
Жарияланды

Абай облысы прокуратурасы ғимарат ішінде ішімдік сақтанғандар тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы KursivMedia ресми сауалына берген жауабында көрсеткен.
Бұған дейін әлеуметтік желіде прокуратура ғимаратының терезесінің алдында алкоголь бөтелкесі тұрғаны түсірілген видео тарады. Ол жерде бәзбіреулер екі бөтелке ішімдікті терезеден шығарып қойған.
«Бұл факті бойынша облыс прокуратурасы тексеру жүргізіп, кінәлі тұлғаларды тәртіптік жазаға тартты. Алкогольді сусындарды жұмыс орнында тұтынбаған», – деп жауап берді прокуратура.
Алайда прокуратура тексеру нәтижелері және кінәлі тұлғалардың лауазымын атамады. Мұны қызметтік ақпарат болғандықтан жариялаудан бас тартты.