Ресейде Павел Дуровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Ресейде Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа терроризмді қолдауға жәрдемдесу бабы бойынша іс тіркелген.

«Российская газета» басылымының дерегіне сәйкес, мессенджерде тыйым салынған контентке, есірткіге, суицидке және экстремизмге байланысты мыңдаған арна мен чат жойылмаған.

Ал Федералды қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, 2022 жылдан бері Telegram террористік сипаттағы істерді қоса алғанда, 153 мың қылмыстық оқиғада аталған. Бұл туралы Комсомольская правда жазады.

Аталған бапқа сәйкес, жаза 8 жылға дейін бас бостандығынан айырудан бастап, тіпті өмір бойына соттауға дейін жетуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз