Lufthansa Қазақстанға рейстерін қайта ашады

Германияның Lufthansa әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Қазақстанға рейстерін қайта бастайды.
Әуекомпания Франкфурт-на-Майнеден (FRA) Алматыға (ALA) аптасына бес тұрақты рейсті және Астанаға (NQZ) аптасына төрт рейсті қайта іске қосады.
Ескере кететін жайт, әқаладан тікелей рейстермен қатар Алматы мен Астанада қону арқылы да ұшуға болады.
«Астанаға аялдау кезінде әрі қарай ұшатын жолаушылар ұшақ бортында қалады, ал Алматыда жолаушылар уақытты әуежайдың транзит аймағында өткізеді», – делінген ақпаратта.
Рейстер Airbus A340-300 әуе кемесімен орындалады. Ішінде толық жатқызылатын креслосы бар бизнес-класс, жайлылығы жоғары премиум-эконом-класс және эконом-класс санаты бар.
Барлық жолаушыға тамақ пен сусын, ойын-сауық бағдарламасы бар жеке монитор бар. Сондай-ақ FlyNet интернеті қолжетімді.
Бұған дейін әуе компаниясы 2025 жылдың 26 қазанынан 2026 жылдың 29 наурызына дейін Қазақстанға рейстерді орындауды уақытша тоқтатты.