2 және 5%-дық ипотека: қай өңірлерде өтінім қабылдау басталды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

«Отбасы банк» бірнеше қалада жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдай бастады. Жылдық мөлшерлеме – 2% немесе 5%. Пәтерлер кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.

Жеңілдетілген ипотеканың шарттары

  • Сыйақы мөлшерлемесі – кезек санатына байланысты жылына 2% немесе 5%.
  • Бастапқы жарна – кемінде 10%. Қаражат «Отбасы банкіндегі» депозитте болуға тиіс. Тұрғын үй сертификатын пайдалануға болады.
  • Өтінімді Otbasybank.kz порталы арқылы онлайн беруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі

Тұрғын үйдің 70%-ы басым санаттағы азаматтарға беріледі:

  • ардагерлерге;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • көпбалалы отбасыларға және басқа да санаттарға.

Тағы 20% пәтер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарастырылған.

Барлық пәтер кезекте тұрған азаматтарға таза әрлеумен тапсырылады.

Қай қалаларға қатысты

Түркістан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары, сондай-ақ Петропавл, Көкшетау, Талғар және Тараз қалаларының тұрғындары өтінімді Otbasybank.kz порталы арқылы онлайн бере алады.

Айта кетейік, «Отбасы банк» мемлекеттік сыйақыны жаңа тәсілмен төлегісі келеді.

Сондай-ақ оқыңыз