Астана мен Алматы тұрғындары тіркелген сайлау учаскесін онлайн тексере алады

Астана тұрғындары референдумда қай сайлау учаскесіне тіркелгенін онлайн тексере алады.
Астана
Елордалықтар сайлау учаскелері туралы ақпаратты бірнеше жолмен біле алады:
Ресми веб-сервис арқылы: https://referendum.astana.kz/
Telegram чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
Сондай-ақ 109 нөмірін теріп, iKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласса болады.
Алматы
Ал Алматыда 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Қалада тұрғындарға ақпарат беру үшін бірыңғай Call-орталық іске қосылған. Ол үшін 1308 нөміріне хабарласу қажет. Call-орталық арқылы референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен өзін тексеріп, дауыс беру учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
Сондай-ақ дауыс беру тәртібі бойынша кеңес алуға болады. Call-орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты open-almaty.kz сайты және @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы алуға болады.
Айта кетейік, елде Конституцияны өзгертуге қатысты референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.
Басқа өңірге болатындар не істейді?
Тұратын жерін өзгерткен азаматтар «есептен шығу» арқылы референдумға қатыса алады.
«Дауыс беруге 15 күн қалғанда және дауыс беруден бір күн бұрын кешкі сағат 18:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға «есептен шығару» құжаты беріледі.
«Есептен шығару» туралы құжат бір елді мекен ішіндегі басқа референдум учаскесінде дауыс бергісі келетін азаматтарға берілмейді.
Азаматтар бұл құжатты алдын ала алуға құқылы. Құжат сенімхат арқылы да беріледі.