Иранда әскери тікұшақ базарға құлап, бірнеше адам қаза тапты
Жарияланды

24 ақпанда таңертең Иран армиясының әскери тікұшағы Дорче қаласындағы көкөніс сататын базарға құлады. Апаттан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті IRNA агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге қарағанда, Иран әуе күштерінің тікұшағы әуеде бұзылып, базардағы жаймалардың үстіне құлаған. Екі ұшқыш пен екі саудагер көз жұмды. Тағы бір адам жараланды.
Ашық базар қатты бүлінген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Исфахан провинциясының бас прокуратурасы осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.