Лувр директоры отставкаға кетті

Париждің әйгілі музейі Лувр директоры отставкаға кетті. Лоранс де Карс Франция президентіне отставкаға кету туралы өтініш жолдады, ал Эммануэль Макрон қабылдады деп хабарлады Елисей сарайының баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы бұл шешімді қолдады. Ол мұны әлемдегі ең үлкен музейге дәл қазір тыныштық пен жаңа серпін керек кезде жасалған жауапты қадам деп бағалады. Себебі музейде қауіпсіздік, жаңғырту және «Лувр – Жаңа өрлеу» жобасы бойынша үлкен жұмыс жоспарланған», – деп жазылған хабарламада.
Франция президенті музей директоры Лоранс де Карсқа іске деген адалдығы үшін алғыс айтты. Лувр басшысы 2025 жылы мұражайды тонағаннан кейін отставкаға кетуге тырысқан. Бірақ елдің мәдениет министрі Рашида Дати оған рұқсат бермеді. Қайта әкімшілік тексеру жүргізіп, қауіпсіздік жүйесіндегі елеулі ақаулар тапты.
19 қазанда Луврда ұрлық жасалып, төрт адам жеті минут ішінде әлемге әйгілі музейді тонап кетті. Олар Наполеон Бонапарт пен француз монархтарына тиесілі асыл тастар мен әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Кейін күдіктілер ұсталды, арасында музей қызметкерлері де бар болып шықты.