Алматыға 17 см қар жауды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Алматы қар
Фото: Shutterstock

24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні Алматыға 17 cм қар түскен. Қар 24 ақпан күні таңертең сағат 09:00-ден бері жауып жатыр, әлі де тоқтаған жоқ. Қаладағы қар тазалауға 1100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды деп хабарлайды қала әкімдігі.

75 жедел бригада, 2710 жол қызметкері және 1225 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Түнгі сағат 01:00-ден бастап жол-патрульдік полицияның бақылауымен 26 колонна қарды жол жиегіне ысырып жатыр.

Түнгі сағат 02:00-ден бастап 95 шағын техника қаладағы тротуарлар мен қоғамдық орындарды қардан тазалап жатыр. Ал аялдамалар, жерасты және жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустарды жұмысшылар қолмен тазалауда. Қала әкімдігі қар тоқтағанға дейін қар тазалау жалғаса береді деп уәде береді.

Ақпанның соңғы күндері елдегі ауа райы күрт бұзылды. Синоптиктер болжамынша, солтүстік пен шығыста аяз күтіледі, оңтүстікте жауын-шашын болады.

Сондай-ақ оқыңыз