Атыраудағы жұмбақ өлім: Қарабалиндердің кенже қызы да күдікті деп танылған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақбаян Мұқанғалиева да күдікті деп танылған/фото: Атырау облысы полициясы

Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер Индонезияда ұсталды. Бұған дейін отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің күдікті деп танылғаны айтылған. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, күдіктілер қатарында отбасының кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева да бар.

«Күдіктілер кеше ғана Индонезияда ұсталды. Қазір оларды елге алып келу мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті шаралар қабылданды.

Халықаралық іздеу жарияланған кезде Интерпол қызметкерлері мен Қазақстан полициясы бірлесіп, арнайы топ құрды. Топтың жұмысының нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Екеуі де күдікті деп танылған», – деді Санжар Әділов.

Тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Атыраудағы жұмбақ өлім

2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялады. Кейінірек полиция олардан бөлек осы отбасының қызы мен күйеу баласы да жоғалғанын мәлімдеді.

Оларды іздеу барысында ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Істе отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті деп танылған. Ал оның әйелі (жоғалған отбасының кенжесі – ред.) Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша іздеу жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз