«Кейбір қыздар тоқалдыққа дайын болып жүр» – депутат

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
«Мұндай жағдайға өмірде кездессе де, оны үгіттеуге жол бермеу керек» дейді Мұрат Әбенов / фото: ЖИ
Мұрат Әбенов әйелдерді тоқал болуға насихаттап жатқанына наразылық білдірді/ фото: ЖИ

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әйелдерді тоқал болуға насихаттап жатқанына наразылық білдірді.

Оның айтуынша, конституцияда полигамды некеге тыйым салынуға тиіс.

«Неке қиылса, жауапкершілік болуы керек. Тоқалдыққа бару керек деп насихаттауға болмайды. Қазір қыздар ойланып, ойлары бұзылып, кейбіреулері тоқалдыққа дайын болып жүр. Мәселе, насихатта. Насихаттамау керек. Теледидардан ол туралы көрсетпеу қажет», – дейді депутат.

Мұрат Әбеновтің пікірінше, насихаттың кесірінен ер адамдар екінші және үшінші әйел алуға болады деп есептейді. Мұндай жағдай өмірде кездессе де, оны үгіттеуге жол бермеу керек.

«Өзбекстан мен Қырғызстанда бұған қылмыстық жауапкершілік енгізді. Екінші, үшінші әйел алуды насихаттауға 2023 жылы тыйым салды. Сол жылдан бері мемлекеттік неке тіркеуі болмаса, екінші, үшінші және төртінші неке үшін жауапкершілікке тартылады. Сондықтан Өзбекстан мен Қырғызстан алға кетті», – деді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл екі мемлекетке қарағанда зайырлырақ. Бірақ бұған көз жұма қарап отырмыз. Мұның жазасы әр елде әртүрлі. Бір елде айыппұл салса, бір елде қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Мұның алдында депутаттардың бірі «өз «тоқалына» депутаттық мандатын «беріп», некесіз баласын жасырды» деп айыпталған еді.  

Сондай-ақ оқыңыз