Alina Group-тың бұрынғы иесі Ерлік Балпанбаев 30 млн долларға музей салмақ

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Ерлік Балфанбаев
фото: Forbes.kz/ Андрей Лунин

Alina Group компаниясының бұрынғы иесі, кәсіпкер Ерлік Балпанбаев өзіне тиесілі Ой-Қарағайда мұражай ашпақшы. Мәдени орталық құрылысына 30 млн доллар инвестиция салуға дайын. Бұл туралы Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында айтты.

Қазір мұражай жобасы дайын, кәсіпкер енді экспонаттар іздеп жатыр. Қазақстаннан бөлек Иран, Еуропа, Қытай мен Ауғанстан аумағында да іздеу салған.

Мәдени нысан 3,5 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Бір бөлігінде мұражайдың тұрақты көрмесі болады. Екінші бөлігіне түрлі шеберлер өз туындыларын әкеліп қоя алады, түрлі іс-шаралар өтеді.

«Смағұловтың мұражайы сияқты емес»

Балпанбаев Қастеев мұражайындағы мамандардан да кеңес алған екен.

«Музей Нұрлан Смағұловтың мұражайы сияқты үлкен болады дей алмаймын, оның үстіне тақырып аясы да тар. Дегенмен де ел мәдениетіне үлес қосқым келеді», – дейді кәсіпкер.

Қазір ол музейдің құрылысын, жабдықтары мен экспонаттарын 30 млн долларға бағалап отыр. Барлығы кәсіпкердің өз қаражатынан болмақ.

Еске салайық, былтыр күзде миллиардер Нұрлан Смағұлов Алматыдан заманауи өнер мұражайын ашқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз