Доллар қайтадан көтеріліп жатыр: 26 ақпанға арналған бағам

Жарияланды 25 Ақпан 2026 15:58

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар мен теңге бағамы
Доллар бір аптаның ішінде 14 теңгеге қымбаттады / фото: shutterstock

Доллар тағы да 500 теңгеден асты. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да 1 доллар 501,26 теңге болды. Ұлттық банк осы бағаны 26 ақпанға ресми бағам ретінде бекітеді.

АҚШ доллары бір тәуліктің ішінде 4,02 теңгеге қымбаттады. Осылайша америкалық валюта ақпанның басындағы бағаға қайта оралды. 18 ақпанда ұлттық валюта 488 теңгеге дейін нығайған еді.

Валюта айырбастау мекемелеріндегі баға да көтерілді. kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 502 теңгеден қабылданып, 502,5 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 497 және 504 теңге.

Бұған дейін қаржы сарпшылары доллар бағамы 550 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін ескерткен.

Өткен аптада Ұлттық банк өкілі елдегі ірі саяси науқаннан соң ұлттық валюта құнын күрт жоғалтпай ма деген сауалға жауап берген.

Сондай-ақ оқыңыз