Қазақстаныма қызмет ете беремін – Шайдоров Ақордада жоспарын айтты

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Ақорда

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша халыққа алғысын айтты.

«Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді. Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр», – деді Шайдоров.

Сонымен қатар чемпион Олимпиада алтынымен шектелмейтінін мәлімдеді.

«Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін», – деді Михаил Шайдоров.

Мұның алдында президент Михаил Шайдоровты құттықтады.

Айта кетейік, чемпион кеше ғана елге оралды. Спортшыны әуежайда жүздеген адам күтіп алып, оған үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыз