Алматыда резонанс оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыда резонанс оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді / Фото: Shutterstock

Алматыда курьерлердің қатысуымен болған резонанстық оқиғадан кейін жеткізу қызметтерінің агрегаторына қойылатын талап күшейтіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы полиция департаментіне жеткізу платформалары, прокуратура мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Негізгі тақырыптар тұрғындардың қауіпсіздігі, заңнаманы сақтау және курьерлердің әрекеттері үшін бизнестің жауапкершілік алады.

Алматы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов жеткізу нарығы қарқынды дамып келе жатқанын, алайда азаматтарды қорғау басымдық болып қалуға тиіс екенін атап өтті.

«Әрбір курьер тұрғын үйлерге, азаматтардың жеке деректеріне және олардың үйде болу режиміне қатысты ақпаратқа қол жеткізеді. Біз курьерлердің жұмыс процесінің барлық кезеңінде биометриялық сәйкестендіруді енгізуді, аккаунттарды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салуды, шетелдік жұмыс күшін тартуға шектеу қоюды және жол қозғалысы қағидаларының сақталуын тұрақты бақылауды талап етеміз», – деп атап өтті магаполис басшысы.

Прокуратура өкілі жеткізу нарығына қатысушылардың барлығы заң талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс екенін айтты. Ол агрегаторлардың процестердің заңдылығын қамтамасыз етуге дайындығын, мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуды ұйымдастыруын және тартылған қызметкерлердің құқықтық мәртебесінің заңдылығын тексерді. Прокурор мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы азаматтардың мүддесін қорғаудың басты кепілі екенін атап өтті.

Кеңес барысында платформалардың ішкі регламенттерін заң талаптарына сәйкестендіру, курьерлерге бақылауды күшейту, қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жедел жеткізуге ынталандыру тетіктерін алып тастау және барлық қызметкерлердің заңды мәртебесін қамтамасыз ету қажеттігі талқыланды.

Өз сөзінде Айдын Қабдолдинов жеткізу сервистерінің қауіпсіз әрі заң аясында жұмыс істеуі – бизнестің жоғары жауапкершілік аймағы екенін тағы да атап өтті.

«Егер жүйелі өзгерістер енгізілмеген жағдайда, Полиция департаменті нормативтік реттеуді күшейту және агрегаторлардың жауапкершілігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды бастамашылық етеді. Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі. Сондықтан заманауи сервистердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Цифрлық экономиканың дамуы азаматтарды қорғау тетіктерінің дамуымен қатар жүруі тиіс», – деп қорытындылады Айдын Кабдулдинов.

Сондай-ақ оқыңыз