Криштиану Роналду испаниялық Альмерия клубының 25% акциясын сатып алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: ЖИ арқылы жасалды

Криштиану Роналду испаниялық Альмерия футбол клубының 25% акциясына ие болды. Португалиялық әйгілі футболшы инвестицияны өзінің CR7 Sports Investments компаниясы арқылы жүзеге асырған. Мәміленің қаржылық және басқа да егжей-тегжейлері жарияланбады.

Қазіргі уақытта «Альмерия» клубы Испанияның екінші дивизионында өнер көрсетеді. Команда 2025 жылдың мамыр айында саудиялық SMC Group инвестициялық консорциумының меншігіне өткен еді. Бұған дейін клуб испан кәсіпкері Турки Әл аш-Шейхке тиесілі болған.

«Альмерия» – қандай клуб?

Альмерия – Испанияның Альмерия қаласында орналасқан кәсіби футбол клубы. Клуб 1989 жылы 26 шілдеде құрылған. Команданың ең үлкен жетістігі 2021/22 маусымында екінші дивизионда чемпион атанып, элиталық лигаға жолдама алуы, алайда команда кейіннен жоғары лигада тұрақтап қала алмады.

Қазіргі маусымда «Альмерия» екінші дивизионда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. 26 ақпандағы жағдай бойынша команда 48 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр. Команда 14 матчта жеңіске жетіп, 7 ойында жеңілген, ал 6 кездесуде тең нәтиже тіркеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду Димаш Құдайбергенмен бірге «әлемнің ең сымбатты еркегі номинациясына» үміткерлер қатарына енген.

Сондай-ақ оқыңыз