Елдегі дәрі-дәрмектің жартысына жуығы арзандады – министрлік

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде тараған дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жөнінде комитеттің сараптама орталығы мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, елдің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг бойынша дәрілік препараттардың 50 пайызының бағасы арзандаған. Аталмыш талдау 2025 жылдың қазан және маусым айларының деректері негізінде жасалған.

«Бағасы айтарлықтай арзандаған бес препарат – Хеель, Ревмоксикам, Цефяпс, ВАЛМАК-Н және Зитмак. Аталған дәрілердің бағасы 20-40 пайызға дейін түскен. Суық тию маусымында жиі қолданылатын Цефяпс пен Зитмак тыныс жолдары инфекцияларын емдеуде пайдаланылады»,  – делінген хабарламада.

Комитет өкілдері заңбұзушылықтар туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе өңірлік департаменттерге тікелей хабарлауға болатынын жазды. Сонымен қатар белгіленген шекті бағадан қымбат сатылған дәрі-дәрмек үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Айта кетейік, ерлерге арналған үнді дәрісі дәріханалардан алынатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз