Полицейлер жоғалып кеткен баланы 15 минутта тауып берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Патруль экипаждары жедел түрде оқиға орнына жеткен / фото: KursivMedia мұрағаты
Патруль экипаждары жедел түрде оқиға орнына жеткен / фото: KursivMedia мұрағаты

Абай облысында бір тұрғын полицияға жүгініп, 8 жастағы ұлының көліктен түсіп, жоғалып кеткенін хабарлаған.

Polisia.kz мәліметінше, ақпарат түсе сала кезекші бөлім патруль экипаждары жедел түрде оқиға орнына жеткен. Атап айтқанда, «Барыс-615» экипажы құрамындағы Аслан Сейтқалиев пен Қуанышбек Мұшарапов, сондай-ақ «Барыс-653» экипажының қызметкерлері Жасұлан Оразғалиев пен Арман Акешев дереу іздестіре бастаған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жақын маңдағы аулаларды, балалар алаңдарын, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарды мұқият тексерген.

Бала небәрі 15 минуттың ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен табылыпты.

Мұның алдында Астанада жоғалып кеткен 5 жастағы бала  табылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз