Елордалық оқушылар аязға байланысты тағы да онлайн оқиды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Елордалық оқушылар аязға байланысты тағы да онлайн оқиды / Фото: Shutterstock

Ауа температурасының төмен болуына байланысты елордалық оқушылар мен колледждердің 1-2 курс студенттері бірінші ауысымда үйде қалады.

Астана білім басқармасының хабарлауынша, сабақтар олар үшін онлайн форматқа ауыстырылды.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) 2026 жылғы 27 ақпанда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін «Қазгидромет» еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша температураның күрт төмендеуі, қатты жауын-шашын, боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

26 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына және қатты аязға байланысты оқушылар бірден төрт өңірде үйден оқыды.

Сондай-ақ оқыңыз