Ақтау әуежайына Еуропалық авиациялық қауіпсіздік мәртебесі берілді

Ақтау халықаралық әуежайы авиациялық қауіпсіздікті тексеру рәсімінен сәтті өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Lada.kz.
Тексеруді Еуро Одақтың авиациялық қауіпсіздігінің уәкілетті органы ЕО талаптарына сәйкес жүргізді. RA3 мәртебесін беру экспорттық жүктерді өңдеу кезінде әуежайда жұмыс істейтін авиациялық қауіпсіздік жүйесі Еуропалық одақтың талаптарына толық сәйкес келетіндігін растайды. Әуежайға ЕО-ның ресми дерекқорына енгізілген KZ/RA3/00006-01 бірегей тіркеу нөмірі берілді.
RA3 мәртебесін алу келесі артықшылықтарды ұсынады:
- Еуропалық одақ елдеріне тікелей жүк тасымалдарын орындау мүмкіндігі;
- Жүктерді өңдеу уақытын қысқарту;
- Логистикалық тізбектерді оңтайландыру;
- Серіктестердің операциялық және қаржылық шығындарын азайту.
Әуежайдың ақпаратына сүйенсек, RA3 мәртебесін алудың стратегиялық маңызы Ақтау халықаралық әуежайының Каспий теңізі мен Орталық Азия өңірінің негізгі логистикалық тораптарының бірі ретіндегі позициясын нығайтады.
Бұған қоса, мәртебе авиакомпаниялармен және жүк операторларымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді, халықаралық көлік дәліздері мен Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға ықпал етеді.