Эпштейн ісінде аталған «ескі Қазақстан» шенеуніктері тексеріледі – бас прокурор

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Серікжан Қобланбаев

Бас прокурор Берік Асылов Эпштейн ісінде аты аталған Қазақстанның экс-шенеуніктері тексерілетінін мәлімдеді.

Ақордада кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Берік Асылов бұл жөнінде депутаттардан сауал енді ғана түскенін айтты. Сөзінше, тергеу бастапқы кезеңде болғандықтан, іске қатысы бар адамдардың есімдері әлі жарияланбаған.

«Осы бойынша фактілерді саралап жатырмыз. Аталған тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталады. Тексеру шаралары басталды. Кәрім Мәсімовке қатысты алдын-ала тексерісті бастадық. Келімбетовтің де елден шыққан-шықпағаны тексеріледі», – деді бас прокурор.

Айта кетейік, Эпштейн ісінде Назарбаев билік еткен тұста үлкен лауазымдарда болған Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетовтің аты аталған еді. Осыған орай Мәжіліс депутаттары құқық қорғау органдарынан Эпштейн құжаттарында аты аталған ел азаматтарына қатысты тексеру жүргізуді талап етті.

Еске салсақ, 2026 жылғы 30 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі Джеффри Эпштейнге қатысты 3 млн құжат жариялаған. Олардың ішінде Қазақстанның саяси элитасы өкілдерінің аты-жөні аталған.

Сондай-ақ оқыңыз