Чемпиондар лигасының жеребесі: қашан және қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Чемпиондар лигасы жеребе тарту
фото: UEFA.com

Бүгін, 27 ақпанда, 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал жеребесі өтеді. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша Швейцарияның Ньон қаласында, UEFA штаб-пәтерінде ұйымдастырылады.

Жеребенің басталу уақыты Астана уақытымен сағат 16:00. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көруге болады.

1/8 финалға кімдер шықты?

Жалпы кезеңнің үздік сегіз командасы: Арсенал, Бавария, Барселона, Ливерпуль, Манчестер Сити, Спортинг, Тоттенхэм, Челси.

Түйісу матчтардың жеңімпаздары: Аталанта, Атлетико, Байер, Буде-Глимт, Галатасарай, Ньюкасл, ПСЖ, Реал Мадрид.

Плей-офф кезеңінің кестесі

  • 1/8 финал: 10–11 және 17–18 наурыз
  • Ширек финал: 7–8 және 14–15 сәуір
  • Жартылай финал: 28–29 сәуір және 5–6 мамыр
  • Финал: 30 мамыр, Будапешт

Шешуші ойын Венгрия астанасындағы Пушкаш Арена стадионында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз