«Центр плова» иелері Щучинскте жеті адамның өмірін қиған жарылысқа пікір білдірді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Взрыв в кафе Щучинска: семь министерств займутся расследованием трагедии
«Центр плова» иелері Щучинск қаласында жеті адамның өмірін қиған жарылысқа пікір білдірді / Фото: ТЖМ

Щучинсктегі жарылыс болған мекеме басшылығы қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, бейне хабарлама жариялады.

«Дәл қазір сөзіміз дәрменсіз, алайда үнсіз қалсақ, бұдан да ауыр болатынын білеміз. Бүгін әрқайсымыздың жүрегіміз қанға жылады. «Центр плова» кафесінде болған қайғылы жағдай ешқашан айықпайтын жара. Ол әрқайсымызға, әр отбасыға, еліміздің әрбір тұрғынына әсер етті. Өмір – үлкен әрі мәрт сыйлық. Апат күтпеген кезде келіп, жоспарлар, армандар мен тағдырларды бірнеше секунд ішінде бұзғаны ешқайсымыздың апаттан қорғалмағанымызды білдіреді», – деді өз сөздерінде олар.

Сондай-ақ, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және зардап шеккендердің отбасына көмектесуге уәде берді.

Айта кетейік, Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде орналасқан кафеде газ бен ауа қоспасы жарылды. Жеті адам қаза тауып, ондаған адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр. Әкімдік қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңгеден материалдық көмек төленеді деп уәде беретін болды.

Сондай-ақ оқыңыз