Иран Израиль мен АҚШ базасы бар араб елдеріне соққы жасады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: ашық дереккөзден

Бахрейн мен Катардағы АҚШ әскери базаларына Иран соққы жасап жатыр.

CNN хабарлауынша, Иран әуелі Бахрейндегі америкалық базаға зымырандық соққы жасаған. Ақпарат Иранның жартылай ресми Fars News Agency агенттігіне сілтеме жасап таратылды.

Бахрейн – Парсы шығанағындағы АҚШ-тың негізгі одақтастарының бірі. Манама қаласында АҚШ әскери-теңіз күштерінің бесінші флотының штабы тұрақты орналасқан.
Ал Катар билігінің өкілі ел аумағы үстінде Иранның екі зымыраны атып түсірілгенін мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шабуылдар Иранның АҚШ соққыларына жауап ретінде қарсы әрекетке көшкенін аңғартады.

Бұған дейін Израиль Иранға қарсы соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац хабарлады. Осыдан кейін Трамп АҚШ-тың Иранға соғыс жариялауын ресми мәлімдеді.

Ирандағы ахуалдан кейін Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді шұғыл тоқтатқанын хабарлады.  

Сондай-ақ оқыңыз