Елде қызылшаға қарсы қосымша екпе басталады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

Елде қызылшаға қарсы қосымша вакцинация басталады. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Қазір 6-10 айлық сәбилерге қосымша иммундау жүргізілуде. Бұрын екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балалар, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі екпе статусы расталмаған медицина қызметкерлерін қайта вакцинациялау ұйымдастырылуда. Ұйымдар мен әскери бөлімдерде екпе алмағандарды уақытша шектеу шаралары да енгізілді», – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, соңғы аптада қызылша жағдайлары азайғанымен, ахуал толық тұрақталмаған. Мәселен, өткен аптада 417 жағдай тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 311-ге түскен. Яғни, 25 пайызға төмендеген.

Ең көп жағдай Астанада (81), Алматы облысында (57), Атырау облысында (57), Қостанай облысында (57), Алматы қаласында (48) және Батыс Қазақстан облысында (29) тіркелген. Ауырғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі вакцина алмаған балалар.

Жыл басынан бері 6-11 айлық 36,7 мың сәби қосымша иммундаумен қамтылған. Бір жастағы 21,4 мың және 6 жастағы 17 мың бала жоспарлы вакцина алған. 18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам толықтырып иммундаудан өткен.

Сондай-ақ оқыңыз