Үш дүркін әлем чемпионы Кристина Шумекова төртінші жүлдесін алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Үш дүркін әлем чемпионы Кристина Шумекова
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс медаль алды / фото: olympic.kz

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жастар арасындағы әлем біріншілігінде 3 мың метрлік жарыста күміс жүлдегер атанды. Үш дүркін чемпион осымен төртінші жүлдесін алды.

19 жастағы қазақстандық спортшы Кристина Шумекова 28 ақпанда екінші мәрте мұз айдынына шықты. Ол 3 мың метрлікті 4:03:99 уақытпен жүріп өтіп, күміс жүлдегер атанды. Алтын алған австриялық Джаннин Рознер отандасымыздан бар болғаны 1,6 секунд жылдам келді. Қола қытайлық Джиен Тайға бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінде Шумекова бұған дейінгі жарыстардың бәрінде топ жарты. Ол 500, 1500 және 1000 метрлікте алтын алды. Қазақстан конькимен жүгіру тарихында мұндай ірі жетістік алғаш рет болып отыр.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты Германияның Инцелль қаласында өтіп жатыр.

Жас жұлдыз Солтүстік Қазақстан облысында туған. Оны анасы Юлия Шумекова жаттықтырады. Айта кетейік, Кристинаның сыңары Алина Шумекова да әлем біріншілігінде сынға түсіп жүр. Ол 3 мың метрлікте 18-орын алған. Егіз қыздардың әпкесі Инесса Шумекова да халықаралық жарыстарда топ жарып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз