Әлиреза Арафи Иран жоғарғы көсемі қызметін уақытша атқарады

Конституция қорғаушылары кеңесінің мүшесі Әлиреза Арафи бір күн бұрын қаза тапқан аятолла Әли Хаманеидің қызметін уақытша атқарады, деп хабарлады Al Jazeera.
67 жастағы Әлиреза Арафиге Иран жоғарғы көсемі қызметін уақытша атқару міндеті сеніп тапсырылды. Бұған дейін ол Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары болған.
Үлемдер кеңесі жаңа көсем сайлағанша, марқұм Хаменеидің міндетін Арафи орындай. Бұған қоса, ол Иранды қасқаратын кеңес құрамына да кіреді. Уақытша басқару кеңесте президент Масуд Пезешкиан, Жоғарғы сот төрағасы Мохсени Эджей бар.
Арафи жаңа көсем қызметінен үмітті бес адамның бірі. Осының алдында CNN телеарнасы аятолла Хаменеидің орнын басуы мүмкін үміткерлердің есімін атаған:
- Моджтаба Хаменеи – аятолланың 56 жастағы екінші ұлы. Ол Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланыс орнатқан ықпалды адам;
- Әлиреза Арафи – 67 жастағы дін қызметкері. Қазір ол Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр;
- Мұхаммед Мехди Мирбагер – үлемдер кеңесінің мүшесі. Қазір қасиетті Құм қаласындағы Ислам ғылым академиясын басқарады;
- Хасан Хомейни – аятолла Рухолла Хомейнидің немересі. Қазір Хомейни кесенесін басқарады, мемлекеттік қызметтер атқармаған.
- Хашем Хоссейни Бушери – үлемдер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары.
Үлемдер кеңесі елдің жоғары көсемін бір мәрте ғана сайлаған. 1979 жылы аятолла Рухолла Хомейни қайтыс болып, оның орнына аятолла Әли Хаменеи келген. Ол Иран билігін 36 жыл басқарды. 86 жастағы Хаменеи 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль шабуылдары барысында қаза тапты.