Қазақстан Таяу Шығыста қалған азаматтарын қалай алып шығады

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Ведомство Азаматтық авиация комитеті, «Қазаэронавигация» РМК, Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT және Vietjet Қазақстан әуе компанияларымен бірге Араб елдерінде қалған азаматтарды қалай шығарып алу мәселесін талқылаған.
Тараптар баламалы және қауіпсіз маршруттарды пайдалана отырып, қазақстандық туристерді елге қайтаруды мәселесі қаралды. Бірақ, әзірге, Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливанда әуе кеңістігі жабық немесе жағдай тұрақсыз, бірқатар рейстер тоқтатылған.
«Әуе кеңістігі ашылған жағдайда әуе компаниялар әуе кемелерін ұсынуға және кері рейстерді орындауға дайын екенін мәлімдеді», – деп жазылған ведомство мәлімдемесінде.
Жолаушыларға жедел көмек көрсету мақсатында «Авиациялық әкімшілік» АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды:
+7 7172 77 98 21
+7 7172 79 82 13
+7 7172 79 82 14
Air Astana-мен байланыс:
+7 727 244 44 77
+7 7172 58 44 77
+7 702 702 44 77
FlyArystan-мен байланыс:
+7 727 331 10 10
WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT Airlines-пен байланыс:
+7 7252 99 88 80
Qazaq Air-мен байланыс:
+7 727 356 14 14
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай
+7 7172 702 999
Алматы халықаралық әуежайы
+7 727 228 00 19
Айта кетейік, Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған клиенттеріне көмек шарасын қолға алды. Қиындыққа тап болған азаматтарға күніне 35 мың теңгеден, ал балаларға 15 мың теңгеден төлемек.