Таяу Шығыстағы қақтығыс: туристер үшін қай елдер қауіпсіз

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан туристер енді қауіпсіз деп саналатын елдерге баруды жөн санайды. Осы ретте «Туристік Қамқор» қорының директоры Асылхан Есілов туристердің жаңа бағыттарын атады.
Оның айтуынша, туристердің ағыны енді Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне ойысады.
«Оңтүстік Шығыс Азия елдері: Вьетнам, Камбоджа, Мьянма, Таиланд сияқты елдерге қарай туристер ағыны көбеюі мүмкін», – деп жауап берді Асылхан Есілов Kursiv.Media тілшісінің сұрағына.
Қазақстанға келетін туристер көбейе ме?
Қор директоры атап өткендей, Қазақстан да әлемдік туристер үшін қызықты бағыттардың бірі.
«Туристерді көбірек тарту мақсатында мемлекет пен бизнес қажетті шараларды әзірлеп жатыр деп ойлаймын. Қазіргі таңда Қазақстан өте қауіпсіз ел деп ойлаймыз. Осы тұрғыда шетелдік туристердің саны өсуі мүмкін», – деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінде 2,5 мың қазақстандық турист бар. Олардың барлығы тур-кодпен сапарға шыққан азаматтар. Сондай-ақ Сауд Арабиясында 200-ден аса, Қатарда 1 мыңнан астам турист жүр.