«Эйр Астана» әуе компаниясы 25 Airbus ұшағын сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus корпорациясымен ірі мәміле жасасып, әуе флотын айтарлықтай кеңейтетінін хабарлады.

Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынылған ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 26 ақпанда компания басшылығы Airbus A320neo отбасына жататын әуе кемесін сатып алу туралы шешім қабылдады.

Компания 25 дана Airbus A320neo ұшағына «нақты тапсырыс» (firm order) берген. Негізгі тапсырыстан бөлек, әуе компаниясы тағы 25 дана Airbus A320neo ұшағын болашақта сатып алуға басымдық беретін ресми құқыққа ие болды.

Бұл келісім «ірі мәміле» санатына жатқызылған, себебі оның құны компанияның меншікті капиталының 25 пайызынан асып жығылады.

Бұған дейін әуе паркін еуропалық лайнерлермен жаңарту үшін компанияға кем дегенде 550 млрд теңге керек екені жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз