Қазақстандықтардың үш ай төленбеген несиесі 1,6 трлн теңгеден асты

2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша, үш айдан астам уақыт бойы төленбеген қарыз (NPL 90+) 1,65 триллион теңгеге жетті. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, бұл көрсеткіш банктердің жалпы несие қоржынының өсу қарқынынан екі есе, ал активтерінің өсуінен үш есе жылдам алға озған. Мұндай үрдіс нарықтағы берешектің жинақталып қалғанын аңғартады.
Алпауыт банктердің «бас ауруы»
Қайтарылмаған қарыздың 60%-дан астамы еліміздегі ең ірі екі банк – Halyk Bank пен Kaspi Bank-ке тиесілі.
Әсіресе, Halyk Bank-тегі жағдай ерекше назар аудартады: үш айдан бері төленбеген кредит көлесі 535 млрд теңгеден асқан. Бұл жерде банктің кредит портфелі де ірі екенін ескеру керек.
Ал Kaspi Bank-тің 7,6 трлн теңге кредит портфелінің 457,8 млрд теңгесінің төленбегенінен 90 күннен асып кеткен. Жалын несие портфеліндегі үлесі Д пайызға жетпейді. Дегенмен, бұл жағдай халықтың төлем қабілетінің күрт нашарлауынан емес, көбіне заңнамалық өзгерістерден туындап отыр.
Қарызды коллекторға сатуға шектеу қойылды
Бұл секірістің басты себебі – 2024 жылы енгізілген коллекторлық қызметті шектеу шаралары. Бұрын банктер үмітсіз қарыздарды коллекторларға жаппай сатып, өз балансын «тазартып» отыратын.
Қазір коллекторлар тек қызмет көрсетуші компания рөлінде ғана қалып, қарызды өз иелігіне ала алмайды.
Соның салдарынан банктер проблемалық несиелерді өз статистикасында көрсетуге мәжбүр. Демек, нарықтағы жағдай айтарлықтай өзгермеген, тек бұрын көлеңкеде қалып келген сандар енді ресми деректерде толық көрініс тауып жатыр.
Проблемалы несиенің үлесі бойынша ВТБ Банкі (9,49%), BNK (8,23%) және Alatau City Bank (7,63%) көш бастап тұр. . Ал несие тәртібі ең жоғары банктер ретінде ADCB Ислам банкі (0,09%), Отбасы банк (0,12%) және Шинхан Банк (0,49%) танылды. Жалпы алғанда, сектор бойынша орташа көрсеткіш 3,37%-дан 3,64%-ға дейін сәл ғана өскен.
2026 жылдың басы еліміздің екінші деңгейлі банктері (ЕДБ) үшін қаржылық көрсеткіштердің қайта топтасуымен басталды. Ұлттық банк ұсынған соңғы деректерге сүйенсек, қаңтар айында сектордың жиынтық таза табысы 198,6 млрд теңгені құрады.