Шымкентте аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеру басталды

Жарияланды
фото: ашық дереккөзден

Тұран ауданының әкімі Алмас Абаев «қол астындағы қызметкерлердің ұрып-соқты» деген видео тараған соң Шымкент қаласының әкімдігі қызметтік тексеру тағайындады. Бұл жайлы Kursiv Media тілшісі хабарлайды.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде қаладағы аудан әкімдерінің бірі қатысқан болуы мүмкін оқиға бейнеленген видео таралған еді. Онда Қаратау ауданы әкімі әлдебір адамдарға күш қолданғанын байқауға болады. Ол ұрғанымен таяқ тиген адам жауап қайтармайды.

«Аталған дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз. Қала әкімдігі заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын басшылыққа алады. Егер таралған бейнежазбада көрсетілген жайттар расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген қала әкімдігінің ресми парақшасында.

Алмас Абаев өткен жылдың сәуір айында Қаратау ауданының әкімі болып тағайындалған еді.

Бұған дейін БҚО-да жасөспірімді зорлады деген мемқызметкер жұмыстан босатылғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз