Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ұлдарын көрсетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұлдарының бірінің есімі Димаш болса, екіншісі Сырым-Дат / фото: Instagram
Ұлдарының бірінің есімі Димаш болса, екіншісі Сырым-Дат / фото: Instagram

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі  Айман Талғатқызы жеке өмірін жасырмай, оқырмандарына екі ұлын таныстырды.

Ұлдарының бірінің есімі Димаш болса, екіншісі – Сырым-Дат. Десе де, ол үлкен ұлы туралы көп мағлұмат берген.

Димаш туған күнінде дәу тышқан немесе теңіз шошқасын әперуді сұрапты. Жануардың атын Лиза деп атаған.

«Димаш жан жауарларды жақсы көреді. Зерттейді. Көп ізденеді. Жаны ашиды. Шектеу қоймаймыз. Не бақпадық. Енді қолтырауын сұрап жүр», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Бірақ баланың меселін бірден қайтармай, жаз шыққан соң, ойланып көретінін айтқан.

Қабатовтың екі ұлы / фото: Instagram
Қабатовтың екі ұлы / фото: Instagram

Екінші фотода отбасылық мұрағаттан алынған шақалақтың суреті көрінеді.

«Фотода дүниеге келгеніне 3 cағат болған балам Сырым Дат батырым. Бөпелі болмай жүргендер осы Оразада бөпелі болсыншы» деп жазған.

Айман Талғатқызының ұлдарын қатты жақсы көретіні аңғарылады. Үлкен ұлы мен арбадағы сәбиі бірге түскен фотоны жүктеп, «Шүкірлерім» деп жазып, мақтан тұтатынын білдірген.

Мұның алдында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі бизнесін көрсеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз