Freedom Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсетеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
freedom holding
Freedom Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсетеді / Фото: freedom24.com

Таяу Шығыста күрделі жағдайда қалып қойған Қазақстан азаматтарына Freedom Holding Corp. қолдау көрсетіп, көмек шараларын іске қосты. Бұл туралы компания хабарлады.

Қолдау шаралары Freedom Travel қызметі арқылы «бару–қайту» бағыты бойынша әуе билеттерін және туристік пакеттерді рәсімдеген клиенттерге арналған. Аймақта мәжбүрлі түрде қалып қойған кезеңде, 8 наурызды қоса алғанға дейін, жолаушыларға күн сайын материалдық көмек төленеді.

Атап айтқанда:

  • әрбір ересек жолаушыға — тәулігіне 35 мың теңге;
  • әрбір балаға — тәулігіне 15 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау қарастырылған.

Сонымен қатар, шетелде тұрақты байланыс орнату үшін әрбір пайдаланушыға 15 күнге 5 ГБ көлемінде eSIM(шетелдік интернет) қызметі тегін ұсынылады. Бұл қызметті Freedom SuperApp арқылы қосуға болады.

Компания азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болуға және жергілікті билік органдарының ресми нұсқауларын орындауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қатардағы Қазақстан азаматтары елге қалай орала алатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз