Ирандағы қазақстандықтар Армения, Әзербайжан, Түрікменстан арқылы эвакуацияланады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Иран
Ираннан қазақстандықтар Армения, Әзербайжан, Түрікменстан арқылы эвакуацияланады / Фото: Shutterstock

Қазақстанның бірнеше елдегі елшіліктері мен консулдықтары шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен Иран аумағынан қазақстандық азаматтарды эвакуациялау туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, Армениямен Иран–Армения шекарасынан азаматтардың кедергісіз өтуі келісілсе, Әзербайжан тарапы да эвакуациялау мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Құрлықтағы шекара өткелдеріндегі шектеулерге байланысты шекарадан өту арнайы рұқсат арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі екі азаматқа «Джульфа» бақылау-өткізу пункті арқылы өтуге жедел түрде рұқсат алды.

Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың мемлекеттік шекарадан өтуіне жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, эвакуациялау бағытындағы жұмыс жалғасуда. Қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелердің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланып отырады.

Айта кетейік, бұған дейін Қатардағы Қазақстан азаматтары елге қалай орала алатыны туралы жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз