BNP Paribas Open: Рыбакина мен Бубликтің қарсыластары анықталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина посеяна под третьим номером на турнире WTA-1000 в Индиан-Уэллсе

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін беделді турнир – BNP Paribas Open жарысының жекелей сыны бойынша жеребе тартылып, қазақстандық теннисшілердің турнирлік кестедегі орны анықталды.

Қазақстанның бірінші ракеткалары – Елена Рыбакина (3) мен Александр Бублик (10) алғашқы айналымда ойыннан босатылды.

Рыбакина кіммен ойнайды?

Әйелдер арасындағы сында үшінші нөмірмен тіркелген Рыбакина 1/32 финалда колумбиялық Эмилиана Аранго (108) немесе америкалық Хэйли Бэптист (43) теннисшілерінің біріне қарсы кортқа шығады.

Елена Арангомен бұған дейін кездескен емес. Ал Бэптисті өткен жылы Монреальдегі хард жабындысындағы турнирде 6:4, 6:3 есебімен ұтқан.

Турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасқан қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенкомен тек финалда ғана жолығуы мүмкін. Ал польшалық Ига Свентекпен жартылай финалда кездесуі ықтимал.

Бубликтің қарсыласы

Ерлер арасында Александр Бублик екінші айналымда америкалық Майкл Чжэн (145) мен франциялық Артюр Казо (76) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Бублик Чжэнмен әлі ойнамаған. Ал Казомен болған үш кездесудің үшеуінде де қазақстандық теннисші жеңіске жеткен (3:0).

Путинцеваға – Бадоса

Юлия Путинцева (76) алғашқы айналымда испаниялық Паула Бадоса (106) қарсыласымен ойнайды. Екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп – 4:1, Бадосаның пайдасында.

Бұл матчтың жеңімпазы даниялық Клара Таусон (17) спортшысымен кездеседі. Таусонмен болған жалғыз ойында Юлия жеңіске жеткен (1:0).

Шевченко мен Рууд жолығуы мүмкін

Александр Шевченко (88) алғашқы айналымда іріктеу кезеңінен өткен теннисшілердің бірімен кездеседі. Егер жеңіске жетсе, 1/32 финалда норвегиялық Каспер Рууд (13) қарсылас атанбақ.

Шевченко мен Рууд бұған дейін бір рет кездескен. 2023 жылы Швецияның Бастад қаласындағы топырақ корттағы турнирде норвегиялық спортшы 6:2, 6:4 есебімен басым түскен.

Сондай-ақ оқыңыз