Ақтөбеде газ құю станциясында өрт шықты
Жарияланды

Ақтөбеде автогаз құю станциясында (АГҚС) күшті жарылыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
3 наурыз күні Алматы ауданында, Ақжарская көшесінде орналасқан АГҚС аумағында жерүсті резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасының жарқ етуінен өрт шыққан.
Өрт жылдам таралып, екінші жерүсті цистернаға, жанында тұрған газ тасымалдаушы көлікке және оператор ғимаратына өткен.
Бірақ құтқарушылар жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін күрделі жағдайда жұмыс істеді. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 60 қызметкері мен 16 техника бірлігі жұмылдырылды.
2 наурызда Өскеменде өнеркәсіпте өрт болған еді, салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды.