Қазақстан АҚШ пен Иран арасындағы текетіреске араласа ма

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Қазір АҚШ, Израиль – Иран арасындағы қақтығысқа Қазақстан араласуы мүмкін бе? Сыртқы істер министрлігі осыған қатысты пікір білдірді.

Министр орынбасары Әлібек Бақаев елдің басқа мемлекеттердің шаруасына араласпайтынын айтты.

«Қазақстан өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпайды және бұл жолы да ешкімді (Иранды да, оған қарсы елдерді де) жақтамайды. Біз кез келген әскери қақтығысқа қарсымыз. Мұндай даулар тек дипломатиялық жолмен, яғни келіссөз үстелінде шешілуі тиіс. Біздің ұстанымымыз – халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау. Бұл бағытымыз өзгермейді», – деді СІМ басшысының орынбасары Әлібек Бақаев.

Осыған дейін СІМ Иран халқына көңіл айтатынын хабарлаған. Ведомство Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын мәлімдеді, бірақ араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз