Барселона – Атлетико Мадрид ойынын қайдан көруге болады
Жарияланды

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні каталондық Барселона мен Атлетико Мадрид Испания Кубогының жартылай финалында кездеседі. Ойын Барселонадағы аты аңызға айналған Camp Nou стадионында өтеді.
Матч туралы мәлімет
Басталу уақыты – Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00. Тікелей трансляция – Setanta Sports 2 телеарнасы және стриминг платформаларында көрсетіледі.
Командалардың қазіргі формасы
Соңғы бес кездесуде:
- Барселона – 3 жеңіс, 2 жеңіліс
- Атлетико – 3 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс
Каталон клубында бірқатар негізгі ойыншылар жарақат алған: Кристиансен, Гарсия, Гави, Левандовски, Де Йонг.
Айта кетейік, бұл қарымта ойын, Мадридте өткен алғашқы ойында Атлетико Барселонаны 4-0 есебімен тас талқанын шығарған еді.
Бұған дейін, Чемпиодар лигасының жеребесін жариялаған едік.