Қазақстанда 1 шақырым жол салуға 500 млн теңге кетеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: gov.kz

Қазақстанда бір шақырым асфальт жолды жөндеудің орташа құны – 156 млн теңге, ал салу – 500 млн теңгені құрайды. Мұндай деректі Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келтірді.

Ал шағал тас жолға келетін болсақ, оның құрылысы бір шақырымға шамамен 100 млн теңге, ал жөндеуі – 50 млн теңге тұрады.

Сонымен қатар, алдағы үш жылда Көлік министрлігі елді-мекендердегі жолдардың дамуына басымдық беретінін атап өтті. Ел бойынша олардың жалпы ұзындығы – 70 мың км. Қазіргі уақытта олардың 91%-ы нормативтік жағдайға сәйкес.

Алдағы үш жылда 32 мың км жолға жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Үкімет жергілікті жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95%-ке жеткізуді көздеп отыр.

Айта кетейік, Нұрлан Сауранбаев Батыс Қазақстан облысында жергілікті билік бюджеттен қосымша қаржы алу үшін жолдардың сапасын нашар деп көрсеткенін мәлім етті.

Ал 60 мыңға жуық азамат Қазақстанда жол нашар деп шағым қалдырған.

Сондай-ақ оқыңыз