Байқоңыр айлағында былтыр бұзылған ұшу алаңы жөнделді (видео)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Протон Байқоңыр
Ресей Қазақстанда ғарыш кемесін ұшыруға мүмкіндік алды / фото: shutterstock

Байқоңыр ғарыш айлағында 2025 жылғы қарашаның аяғында бұзылған №31 ұшу алаңы жөнделді. Бұл туралы «Роскосмос» хабарлайды.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшыру алаңын жөндеу
фото: «Роскосмос» видеосынан скриншот

Жүздеген адам тәулік бойы жұмыс істеді

Федералдық корпорация мәліметінше, ұзындығы 19 метр, салмағы 17 тонна болатын кабинаны жөндеуге бес ұйымның жүздеген жұмысшысы жұмылдырылған. Тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеген олар үш айда электр құрылғыларын, сонымен бірге бекіткіштердің бәрін алмастырып шықты. Барлығы 120 тонна конструкция ауыстырылды.

Ұшыру алаңындағы қызмет көрсету кабинасының жұмыс істеу механизмі тексерілді. Корпорация жөндеуді екі айдан астам уақытта жылдам аяқтап шыққанын мәлімдеді.

«Роскосмостың» Telegram-арнасында жарияланған видеода ұшу алаңын жөндеу барысы көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 27 қарашада Байқоңыр айлағынан «Союза МС-28» кемесі ғарышқа көтерілген уақытта техникалық конструкция сынған. Соның кесірінен Ресей айлақтан ғарыш кемесін ұшыра алмай қалған. Сарапшылар оны жөндеу ұзаққа созылады деп болжаған.

Ресей неге асықты

Ұшыру алаңының зақымдануы Халықаралық ғарыш станциясының жағдайын қиындатып жіберді. Ұшу алаңынсыз Ресей ғарышкер алмастыра алмай, станцияға жүк жеткізе алмай қалды. Оның үстіне станция орбитасын үнемі түзетіп отыру қажет. Әйтпесе ол Жерге құлап түседі.

Келесі экипаж дер кезінде ұша алмаса, былтыр қарашада ғарышқа көтерілген «Союз МС-28» кемесіндегі үш адамға станцияда ұзақ уақыт қалуға тура келді.

Дегенмен «Роскосмос» оны жөндеуге бар күшін жұмылдырып, енді 22 наурызда «Прогресс МС‑33» жүк кемесін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл уақытта ресейлік «Вежитель» компаниясы Байқоңырдан кеменің қалай ұшқанын тамашалайтын туристер жинаумен айналысты. Билет қанша тұратынын Kursiv.Media мақаласынан оқыңыз.

Бұған дейін біз Қазақстан үкіметінің елдегі полигондар мен Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беруден қанша табатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз