Қазақстан үкіметі Қашаған операторының арбитражға шағым түсіргенінен хабардар

Қазақстан үкіметі Қашаған жобасына қатысушы инвестор-компаниялардан ресми түрде сотқа шағым түскені туралы хабарлама алған. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
Инвесторлар 2026 жылдың 9 ақпанында Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталыққа төрелік талқылау туралы сұраныс жолдаған.
Мемлекет мүддесін кім қорғайды?
Қазақстан заңнамасына (Үкімет регламентінің 6-тармағына) сәйкес, сотта ел мүддесін осы мәселеге тікелей жауапты мемлекеттік орган қорғайтын болады.
Ол үшін Премьер-министрдің немесе оның орынбасарларының арнайы тапсырмасы қажет.
Даудың мәні неде
Қашаған төңірегіндегі түсініспеушілік бірнеше жылдан бері жалғасып келеді Бұған дейін Қазақстан билігі Қашаған операторына (NCOC) күкіртті заңсыз сақтағаны және экологиялық нормаларды бұзғаны үшін миллиардтаған доллар айыппұл салған болатын.
Лондондағы халықаралық төрелік соты Қарашығанақ кен орнын иегеретін акционерлер мен Қазақстан үкіметі арасындағы дауға қатысты шешім шығарды. Соған сәйкес, акционерлер қазақ үкіметіне 2-4 млрд доллар көлемінде өтемақы төлеуі тиіс еді.
Алайда Bloomberg басылымы мұнай алпауыттары қайта сотқа жүгінгенін жазды.