FlyArystan уақытша Ақтаудан Дубайға ұшпайтын болды

Ақтау-Дубай-Ақтау рейстерінің жолаушыларына билеттердің толық құны немесе сатып алу орны бойынша тегін қайта брондау қайтарылады. Бұл туралы Fly Arystan хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірдегі шектеулерге байланысты рейсті қазір жүргізу мүмкін емес.
«Біз жағдайдың жолаушылар үшін қолайсыз екенін түсінеміз және жолаушыларды Қазақстанға тезірек қайтару үшін бар күшімізді саламыз. Халықаралық авиатасымалдаудың қолданыстағы қағидаларында форс-мажор жағдайындағы тасымалдаушының міндеттемелері билет құнын қайтарумен не осындай мүмкіндік болған кезде баламалы тасымалдаумен шектеледі. Осыған қарамастан, FlyArystan жолаушыларына авиакомпанияның есебінен бір тәулік мерзімге қонақүйде қалу мүмкіндігі берілді, осылайша олардың әрі қарайғы іс-қимылдарды үйлестіруге уақыты болды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, FlyArystan Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдарынан рейсті орындауға рұқсат алуды күтіп, Қазақстан Республикасының авиациялық биліктерімен тұрақты өзара байланыста болмақ. Аймақтағы тұрақтылықты қадағалап, қауіпсіз болған кезде тасымалдау қайтадан іске қосылады.
Авиакомпания брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жолаушылармен дереу байланысуға және егжей-тегжейлі нұсқаулар жіберуге уәде береді. Бұл ретте Дубай-Ақтау рейсіне пайдаланылмаған FlyArystan авиабилетінің болуы ұшудың міндетті шарты болады,
28 ақпандағы, 7 наурыздағы және 10 наурыздағы рейстердің жолаушылары билеттер құнын толық қайтарып немесе сатып алу орны бойынша тегін қайта брондай алады.
Айта кетейік, әуе шабуылына ұшыраған БАӘ мен Қатарда тұратын қазақ азаматтары Оман арқылы елге қайтатын болды.