Трамп Иранмен келіссөз жүргізу «тым кеш» екенін айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
АҚШ президенті Дональд Трамп
Трамп Иранмен келіссөз жүргізу «тым кеш» екенін айтты / фото: shutterstock

Ақ үйдің басшысы Дональд Трамп Иранның қазіргі басшылығы АҚШ-пен байланыс орнатуға және келіссөздер жүргізуге тырысып жатқанын айтты. Дегенмен келіссөз жүргізу үшін «тым кеш» екенін де жоққа шығармады.

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жаңа хабарлама жариялады.

«Олардың (Иранның – ред.) әуе қорғанысы, әуе күштері, әскери-теңіз күштері және басшылығы жойылды. Олар сөйлескісі келеді. Мен «тым кеш!» екенін айттым»- деп жазды Трамп.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, АҚШ армиясы «әлі қатты соққы бере бастаған жоқ».

2026 жылдың 28 ақпанында Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. Сол күні Иран Израильдегі және араб елдеріндегі АҚШ әскери базаларына және басқа да нысандарға қарсы шабуыл жасады. Өзара шабуылдар жалғасуда. 

Иранды 37 жыл басқарған Аятолла Әли Хаменеи 1 наурызда АҚШ-Израиль шабуылынан қайтыс болды. Оның көзін жою операциясы қалай жүргенін мына жерден оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз