Семейдегі балалар ойын орталығындағы өрт толығымен сөндірілді

Семейдегі балалар ойын-сауық орталығындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
«ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаның салдарынан зардап шеккен балалар жоқ екенін түсіндірді.
«Екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды, содан кейін олар үйге жіберілді. Қазіргі уақытта балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнында облыстың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі жүр. Өрттің себептері мен мән-жайларын құзыретті органдар анықтайды.
Сондай-ақ, комитет БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.
Бұған дейін өрттің Шугаев көшесіндегі ойын-сауық орталығында болғандығы туралы жазған едік.