«Алтай» – «Қайрат» ойынының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: ЖИ

«Алтай» мен «Қайрат» арасындағы матчқа билеттер сатылымға шықты. Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 1-туры аясында өтетін «Алтай» және «Қайрат» клубтарының кездесуіне билеттер ресми түрде сатыла бастады.

Өскемендік ұжым өзінің алғашқы ойындарын Алматыда өткізеді.

7 наурыз күні сағат 6:00-де «Хан-Тәңірі» стадионында Алтай мен Қайрат арасындағы ойын өтеді. Билеттердің бағасы 1500 теңге. Жанкүйерлер билеттерді Tiketon сайтынан сатып ала алады.

Еске сала кетейік, «Алтай» былтырғы маусымда бірінші лигада көрсетіп, биыл жоғары лигаға шығып отыр. Ал «Қайрат» алдыңғы маусымда чемпион атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз