Семейде ойын-сауық орталығы өртенгеннен кейін, тұрғындарға далаға шықпау ескертілді
Жарияланды

Семейдегі BalaPark ойын-сауық орталығындағы өрттен кейін қаладағы ауа сапасы күрт нашарлап кетуі мүмкін. Санитарлық дәрігерлер тұрғындарға мүмкіндігінше көшеге аз шығып, терезелерді жауып отыруды ескертті деп жазады Kursiv.Media.
Қазір мамандар ірі өрт болған Қарағайлы ауданындағы ауа сапасын тексеріп жатыр.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Шоқышев алғашқы өлшемдер өрт кезінде, кешкі уақытта жасалғанын хабарлады. Ол кездегі зертханалық талдаулар зиянды заттардың шектен тыс мөлшерін көрсетпеген. Талдау әлі де жалғаса түседі.
Еске салайық, үшінші наурыздан төртіне қараған түні Семейдегі балалар ойын-сауық орталығындағы өрт шығып, екі бала ауруханаға түсті. Құтқарушылар көмегімен жалын толығымен өшірілді.