Дубайда пәтері бар шенеуніктерді прокуратура тексеріп жатыр – депутат

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
General News бөлімінің тілшісі
Елді басқарып, қазір басқа елде тұрып жату – адамшылыққа жат дейді Сайыров / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Елді басқарып, қазір басқа елде тұрып жату – адамшылыққа жат дейді Сайыров / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Дубайда пәтері бар шенеуніктерді прокуратура тексеріп жатқанын айтты.

Ол бұл жайында хабардар екенін айтып, шенеуніктердің шетелден үй алып, тұрып жатуын сынға алды.

«Елді басқарып, қазір басқа елде тұрып жату – адамшылыққа жат. Бұл ол адамдардың елімізге, халқымызға шынайы болмағанын көрсетеді. Бұл дұрыс нәрсе емес», – Ерлан Сайыров.

Ол Дубайдан үй алған шенеуніктердің тізіне қатысты қандай шара қолдануы керектігі жөнінде де пікір білдірді.

«Нақты білмеймін. Қазір прокуратура жұмыс істеп жатыр. Әзірге барлық деректі жинап жатыр», ­– деді депутат.

Мұның алдында шетелдегі, соның ішінде Дубайдағы бірқатар жылжымайтын мүліктер Қазақстанның мемлекет меншігіне өткені туралы ақпарат шықты.

Сондай-ақ оқыңыз