«Шағым жасай берсін»: Әділет министрлігі неге заң мәтінін толық жарияламайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Судебные исполнители присваивали долги
фото: shutterstock

Қазақстандық белсенді  Григорий Вингертер  заң жобаларының мәтіндерін толық жарияламайды деген айыппен Әділет министрлігін сотқа берді. Бірақ ведомство өз әрекетін дұрыс санайды.

Мәселенің мән-жайы

Осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ-та қазақстандық белсенді Григорий Вингертердің Әділет министрлігін сотқа бергені жазылды. «Ашық НҚА» порталында заң құжаттарының мәтіні толық жарияланбайды, тек соңғы өзгерістерін ғана береді. Бұл қазақстандықтардың ақпаратқа қол жеткізу туралы құқығын бұзады деген Вингертер. Осыған қатысты министрлік әрекетін заңсыз деп танып, заң мәтіндерін толық жариялауға міндеттеу керектігін айтқан.

Сотқа дайынбыз

Сот Вингертер алдымен Әділет министрлігіне шағым түсіруі керек деп, оның арыз-талабын кері қайтарды. Бірақ министр Ерлан Сәрсембаев ешқандай шағым түспеді деп отыр. Ол заң мәтіндерінің қысқаша күйде жариялануы азаматтар үшін тиімді деген пікірде.

«Заңнамалық актілер қысқа күйінде жарияланады, біздің ойымызша ол азаматтарға өте тиімді. Шағым жасай берсін. Егер жасаса, онда ары қарайғы әрекеттер тек сот аясында жалғасады», – деді ол.

Айта кетейік, қазақстандықтар «Ашық НҚА» сайтының жаңартылған нұсқасын бұрыннан бері сынап келеді. Өткен жылдан бастап онда құжаттардың толық нұсқалары жарияланбайтын болды.

Сондай-ақ оқыңыз