Шенеуніктер пара алған: үкімет Қашаған дауының ақпаратын неге ашық жарияламайды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан Қашаған кен орны операторымен арадағы халықаралық дауларға қатысты ақпаратты ашық жариялай алмайды. Қос тараптың кез келген деректі тек сот барысында айтуға құқығы бар. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.

«Мұндай ақпаратты тек сот аясында жариялауға мүмкіндік бар. Оларды соттан тыс айтуға және баға беруге мүмкіндік жоқ», – деді министр.

Қазіргі кезде мұнай операторларына қатысты 20 шақты іс халықаралық сотта қаралып жатыр.

«Олардың бәрі біздің бақылауымызда. Ол соттар қанша уақытқа созылады, қандай шешім шығатынын білмейміз» – деді Сәрсембаев.

Елдегі ірі кен орындары – Қарашығанақ пен Қашаған жобаларына қатысты дау Қазақстанның 2023 жылғы сәуірде халықаралық консорциумдарға қарсы шағым түсіруінен басталған.

Тараптар арасындағы негізгі келіспеушілік – шығынды өтеу және оларды есептен шығару мәселесіне қатысты. Осы шеңберде Қарашығанақ жобасы бойынша талап сомасы 3,5 млрд долларды, ал Қашаған жобасы бойынша бастапқы талап 13 млрд долларды құрады.

Алайда Bloomberg агенттігінің дерегінше, өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) аясында Қазақстанда жұмыс істеп жатқан халықаралық мұнай компанияларына қатысты қойылған талап сомасы 150 млрд долларға дейін ұлғайған.

Бұған дейін Reuters басылымы осы дауларда қазақ үкіметі Назарбаев дәуіріндегі жемқорлықты басты уәж ретінде алға тарқанын жазған. Билік соның арқасында Батыс елдерінің ірі мұнай компанияларынан миллиардтаған доллар өндіріп алғысы келеді.

Сондай-ақ оқыңыз